Алматыда екі автобус соғылды: Зардап шеккендер бар

0
930

Зардап шеккендер арасында екі бала бар.


Алматыда екі автобус соғылды: Зардап шеккендер бар

ERNUR.KZ. Алматыда екі автобустың қатысуымен ауыр жол апаты болды, деп жазады Stan.kz.

Жол апаты Рысқұлбеков пен Сүлейменов көшелерінің қиылысында орын алған. Екі автобустың соқтығысуы нәтижесінде 9 адам зардап шеккен. Олардың ішінде екі бала бар.


"1984 жылы туылған жүргізуші Сүлейменов көшесімен жүретін 32-ші бағыттағы жолаушылар автобусын басқарып отырған. Рысқұлбеков көшесінің қиылысында арақашықтық сақтамағандықтан, 34-бағыттағы жолаушылар автобусын қағып кеткен. Екінші автобус тізгінінде 1967 жылы туған Н. болған. Осы апат салдарынан екі автобустың жолаушылары да, жалпы алғанда, тоғыз адам жарақат алды. Олар түрлі жарақаттармен қаланың ауруханаларына жеткізілді", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.


Қазіргі таңда оқиғаға қатысты жан-жақты зерттеу жүргізілуде. Зардап шеккендер денсаулықтарын тексертіп жатыр.


"Екі көліктің жолаушыларының дене жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалады. Белгілі болғандай, олардың ішінде екі бала болған. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті оған «бастың жұмсақ тіндерінің зақымдануы» диагнозын қойды. Олар амбулаториялық емдеуге жіберілген", - дейді департаменттегілер.