Алматыда экс-әкімге 40 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

0
838

Экс-әкім төрт айдан бері қамауда отыр.


Алматыда экс-әкімге 40 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

ERNUR.KZ. Алматыдағы Алатау ауданының бұрынғы әкімі мен оның орынбасарына қатысты сот үкімі шықты. Шахмерден Рыспаев бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, ірі көлемде айыппұл арқалады, деп хабарлайды ktk.kz.

Төрт айдан бері қамауда отырған экс-әкімді сот 40 миллион теңгеден астам ақша төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ Шахмерден Рыспаевтың өмір бойына мемлекеттік қызметте істеуіне тыйым салынды. Ал оның сыбайласы, әрі орынбасары болған Саят Ағыбаев екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да бұдан былай мемлекеттік қызметтің маңына жолай алмайды.

Алатау ауданын үш жыл басқарған Шахмерден Рыспаев пен оның орынбасары «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаржысын жымқырғаны үшін қаңтар айында қамауға алынған болатын.