Астанада жол жиегіндегі жұмысшыларға су шашқан жүргізуші қамауға алынды

0
143

​Жүргізуші бағдаршамның белгісіне қарамастан жылдамдығын төмендетпей, жол жұмысшыларын суға малшындырып кеткен. Сот оны ұсақ бұзақылық үшін кінәлі деп таныды.


Астанада жол жиегіндегі жұмысшыларға су шашқан жүргізуші қамауға алынды
фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. Астанада жол жөндеу жұмысшыларын басынан аяғына дейін суға малшындырып кеткен 32 жастағы Lexus жүргізушісі 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ол көлігін шалшық судың үстімен жоғары жылдамдықпен жүргізіп, жол жиегінде жүрген жұмысшыларға су шашқан, деп жазады baq.kz.

Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралып, қоғамда қызу талқыланды.

Елорда Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші бағдаршамның жыпылықтаған белгісіне қарамастан жылдамдығын төмендетпеген. Полиция оның бұл әрекетін айналасындағыларға және қоғамдық тәртіптің қарапайым нормаларына құрметсіздік деп бағалады.

Telegram желісіндегі Halyqstan арнасының хабарлауынша, жүргізуші 32 жастағы Нұржан Тохмұрзаев болып шыққан. Сот оны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.