Алматыда экс-судья ұсталды

0
302

21 жылы алматылық судья алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын.


Алматыда экс-судья ұсталды

Фото: instagram.com/zholmanova.svetlana

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Медеу аудандық сотының экс-судьясы Светлана Жолманова ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі Алматы қаласының Полиция департаменті растады, деп жазады inform.kz.

Полиция мәліметіне сәйкес, оның үстінен алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті полицияға жеткізілді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", — деді қалалық ПД баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 2021 жылы алматылық судья алаяқтық жасады деген күдікке ілінген болатын.

Биыл 22 ақпандағы Президенті Жарлығымен ел өңірлерінде сот төрағалары мен судьялар тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сот ісін жеңілдетуге қатысты ұсыныс айтқанын жазғанбыз.

Ал Жоғарғы сот төрағасы судьялар дербестігінде жаңа реформалар ерекше әсер еткенін айтты.