Алматыда "элиталық эскорт" желісін ұйымдастырушының соты басталды

0
649

Іс ақпан айының аяғында сотқа түскен, бірақ бұл қазір ғана белгілі болды.


Алматыда

ERNUR.KZ. Алматыда атышулы блогер әрі "элиталық эскорт" желісін ұйымдастырушы Айкаға қатысты сот процесі басталды, деп жазады tengrinews.kz.

Іс ақпан айының аяғында сотқа түскен, бірақ бұл қазір ғана белгілі болды.

"26 ақпанда Бас көлік прокуратурасы М. А-ға. қатысты қылмыстық істі Алматы Әуезов ауданының сотына ҚР ҚК-нің 296-баптың, 4-бөлігі ("Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу"), 309-баптың 2-бөлігі 1, 2-тармақтары ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет жасалған жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша жолдады", - деп ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.