Алматыда ер адамды күрекпен өлтіріп, Есентай өзеніне лақтырып жіберген

0
755

Екі дос жағада ішімдік ішіп, кейін жанжалдасып қалған.


Алматыда ер адамды күрекпен өлтіріп, Есентай өзеніне лақтырып жіберген

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 51 жастағы алматылық тұрғынды күрек сабымен ұрып өлтірген күдікті ұсталды, деп жазады stan.kz.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, ер адамның денесі Есентай өзенінен табылды. Екі дос жағада ішімдік ішіп, кейін жанжалдасып қалған. Жақын жерде тұрған күрек сабы қылмыс қаруына айналған.

"25 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тергеліп жатыр", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда 3 жасар баланы өгей әкесі аяусыз ұрып соққанын жаздық. Онда анасының серіктесі баланың басынан бірнеше рет күрекпен ұрған. Оқиғаға куә болған көршілер жедел жәрдем шақырған. Жедел жәрдем келген кезде баланы басы мен мұрнынан қан кеткен. Бұл кезде анасы мен оның азаматтық некедегі күйеуі мас болған. Полицейлер оларды наркологиялық орталыққа жеткізді. Көршілері бұл отбасының ішімдікке құмар екенін, балалардың жағдайы жасалмағанын айтты.