Өрт Брусиловский көшесінде орналасқан фастфуд дайындалатын дүңгіршекте болған.
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ERNUR.KZ. 2025 жылғы 24 қыркүйек күні таңертең Алматы қаласының Алмалы ауданында өрт шықты, деп жазады zakon.kz.
Өрт Брусиловский көшесінде орналасқан фастфуд дайындалатын дүңгіршекте болған.
"Сағат 10:28-де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары өрт туралы хабарға сәйкес Алмалы ауданы, Брусиловский көшесіне жоғары дәрежедегі шақыртумен жіберілді. Оқиға орнына 10 техника мен 32 қызметкер тартылды", – деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.
Алғаш болып жеткен бөлімшелер жеке тұрған кафенің ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралу қаупі болған.
Өрт 200 шаршы метр аумақта сөндірілді.
112 қызметіне зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.