Қалалық Полиция департаментінің 2026 жылғы 5 маусымдағы мәліметінше, оқиға түн ортасына таман Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
ERNUR.KZ. Алматыда әйел адамның қаза табуына байланысты қайғылы оқиға тіркелді, деп жазады Zakon.kz.
Қалалық Полиция департаментінің 2026 жылғы 5 маусымдағы мәліметінше, оқиға түн ортасына таман Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 1988 жылы туған әйел бесінші қабаттағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның көз жұмғанын растады. Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері осы факті бойынша қылмыстық іс қозғап, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр", – деп хабарлады полиция департаменті.
Қаза тапқан әйел осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны болған. Алдын ала ақпарат бойынша, соңғы уақытта ол жеке жағдайларға байланысты ауыр эмоционалдық күйде жүрген.


