Алматыда фестивальдер мен форумдарға бөлінетін қаржы қысқартылды

0
641

Әлеуметтік салаға шығындардың 31%-ы, яғни 30,4 млрд теңге жұмсалады.


Алматыда фестивальдер мен форумдарға бөлінетін қаржы қысқартылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы мәслихатының кезекті XV сессиясында айтылды, деп жазады baq.kz.

Мәслихат депутаттарының алдында баяндама жасаған Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков фестивальдер мен форумдарға бөлінетін қаржы қысқаратынын айтты.

Қала басшысының тапсырмасымен бюджеттің ағымдағы шығындары, атап айтқанда фестивальдар, форумдар мен түрлі имидждік іс-шараларды өткізуге арналған шығындар қысқартылды. Әлеуметтік салаға шығындардың 31%-ы, яғни 30,4 млрд теңге жұмсалады. Білім саласына 20,8 млрд теңге қарастырылған. Денсаулық сақтау саласында көп жылдан бері 11 объектіге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа 5,6 млрд теңге бөлінеді. Ал спорт пен мәдениет саласына 3,3 млрд теңге қарастырылған, - деді басқарма басшысы.