Алматыда фонтанға кіріп, қаза тапқан жігіттің өліміне қатысты тың мәлімет пайда болды

0
535

Сараптама нәтижесі жарияланды.


Алматыда фонтанға кіріп, қаза тапқан жігіттің өліміне қатысты тың мәлімет пайда болды

ERNUR.KZ. Алматыдағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақта 17 жастағы жігіттің неден қаза тапқаны белгілі болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оңтүстік-Шығыс өңірі бойынша өңіраралық сот сараптамасы орталығы директорының медициналық мәселелер жөніндегі орынбасары Миржан Байсадықов сараптама нәтижесін айтты.

«Өлім суға батқан кезде тыныс алу жолдарының сумен жабылуына байланысты механикалық асфиксиядан болды. Зертханалық зерттеулер мұны растады», - деді сарапшы.

Сарапшының айтуынша, студентті тоқ соқты ма, жоқ па, оны анықтау мүмкін емес.

«Біз тоқ соққаны туралы ақпарат айта алмаймыз. Не болды және қалай болды, жасөспірім неліктен өзін нашар сезінді – бұны анықтау біздің құзыретімізге кірмейді. Біз тек өлімнің тікелей себебін анықтаймыз», - деп қорытындылады маман.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 19 маусымда болған. 17 жасар жігіт әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы су бұрқақта қаза тапты.

«Түскі астан кейін сағат 16.00-де ауа-райы өте ыстық болды. Ол тыйым салынған белгіге қарамастан, субұрқаққа түсті», - деді қайғылы оқиғадан кейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Бұл оқиғадан кейін Алматыдағы жеке меншік иелері субұрқақтардан бас тарта бастады.