Алматыда гимназия асханасындағы антисанитария әшкере болды

0
153

Бұл жағдайға қатысты Алматы қаласының білім басқармасы ресми түсініктеме берді.


Алматыда гимназия асханасындағы антисанитария әшкере болды

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматыдағы №65 гимназиясының асханасының қазіргі жағдайы көрсетілген фото және видеолар тарады, деп жазады ulysmedia.kz.

Кадрларда ас жіберуге арналған лифттің мақсатты түрде пайдаланылмай, қоқыс жәшігіне айналғаны байқалады. Оның астында лас қалдықтар мен қоқыс үйіліп жатса, қасында көгерген ыдыстар мен өзге де антисанитариялық жағдайлар тіркелген.

Ата-аналар мен белсенділер Бостандық ауданының прокуратурасына және санитарлық-эпидемиологиялық қызметке (СЭС) шағымданып, аталған асхананы тексеруді сұрады. Олар ата-аналарды бей-жай қалмауға шақырып, заңбұзушылықтарға қатысты фото мен бейнежазбаларды жолдауға үндеді.

Білім басқармасының жауабы

Бұл жағдайға қатысты Алматы қаласының білім басқармасы ресми түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, мектеп-гимназия директоры ішкі бақылауды әлсіреткені үшін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жазаға тартылған.

Сонымен қатар, бұл дерек аудандық СЭС-ке жолданған. Ыстық тамақ жеткізуші кәсіпкерлікке қатысты тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.