Әлеуметтік желіде келіншектің Алматы облысы, Іле ауданындағы үйінде өз баласын тұншықтырып өлтіргені туралы ақпарат тарауда.
ERNUR.KZ. Алматыда Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жас келіншек "биіктен шолу" (колесо обозрения) аттракционынан секіріп кетіп, мерт болды, деп жазады zakon.kz.
Денсаулық сақтау басқармасы қайғылы оқиғаны растап, жедел жәрдем келгенге дейін жас келіншектің жан тапсырғанын атап өтті.
Полиция да қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған не түрткі, сондай-ақ басқа да мән-жайлар анықталып жатыр".Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Айта кетсек, әлеуметтік желіде келіншектің Алматы облысы, Іле ауданындағы үйінде өз баласын тұншықтырып өлтіргені туралы ақпарат тарауда. Содан кейін ғана ол саябаққа аттанған.