Алматыда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

0
1 194

Қаулыға сәйкес меншік нысанына қарамастан, Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйым қызметі тоқтатылады.


Алматыда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшиннің карантин туралы жаңа қаулысы шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

Қаулыға сәйкес, қалада 2 тамыздан бастап жаңа шектеу шаралары енгізіледі. Олар кем дегенде 16 тамызға дейін әрекет етеді. Жаңа қаулыда кәсіпкерлік нысандарына Ashyq жобасын енгізу туралы талаптар көзделген.

Осылайша, меншік нысанына қарамастан, Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйым қызметі тоқтатылады. Тек мына нысандардан басқасы:

  • орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары;
  • құрылыс жұмыстарын, өнеркәсіп ұйымдарын;
  • байланыссыз қызметтер;
  • гүл сататын дүкендер, фотосалондар;
  • туристік компаниялар, бизнес-орталықтар;
  • жекелеген қызмет түрлерін.

Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.