Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған үш адам ұсталды

0
1 358

Олардан бес мылтық тәркіленді.


Алматыда қару-жарақ дүкенін тонаған үш адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы полицейлері "Камерад" қару-жарақ дүкенін тонаған үш адамды ұстады. Олардан бес мылтық тәркіленді, деп жазады Tengrinews.kz

Қалалық криминалдық полиция мәліметінше, екі күдікті - Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының бұрын тонау бойынша сотты болған тұрғыны.

"Олар 22-24 жаста. Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағында арнайы іс-шара барысында екі күдікті ұсталды, тағы бір айыпталушы Алматыдағы Достық даңғылындағы сауда үйінде тұтқындалды. Олар қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.