Алматыда Қаржы агенттігі бір млн долларды өртеп жіберді

0
537

АҚШ ақшасының бәрі жалған болып шықан.


Алматыда Қаржы агенттігі бір млн долларды өртеп жіберді

ERNUR.KZ. Алматыда 1 млн-ға жуық доллар жалған ақша болып шықты. Оны айналымға жібермек болған азаматтар ұсталып, 6 жылға сотталды. Жалған ақша жасаумен айналысқан күдіктілерді Қаржылық мониторинг агенттігі анықтаған. АҚШ-тың жалған валютасын Қазақстан нарығына өткізбек болғандар бірыңғай 100 долларлық купюраларды ғана әкелген, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Қызметкерлер жедел бақылаудағы сатып алуды жүргізіп, оның барысында қала тұрғыны Т.Қалиев 293 мың АҚШ доллар болатын жалған купюраларды өткізу кезінде ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, Т.Қалиев 2020 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін номиналы 100 АҚШ доллары болатын жалған шетел валютасын бірнеше рет өткізген. Тінту нәтижесінде заңсыз айналымнан 975 мыңнан астам жалған доллар тәркіленді.

Т.Қалиевке 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Жалған банкнот кездессе Агенттіктің + 7 (7172) 708 478 сенім телефонына немесе әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар арқылы хабар беруге болады. Қап-қап доллардың қайда жасалғаны сол қалпы белгісіз. Ұзақ уақыт долларды сатумен айналысқан жігіттің нарыққа қанша мың жалған долларды өткізгені де анықталмаған.

«Жалған ақшаны, жасырын ойын автоматтарын жою жиі кездеседі. Жалған, жасырын спириттік өнімдер де кездеседі. Күдікті жалған 100 долларды өткізу үшін оның құнын 40-50 центке дейін түсірген. Қайда жасалғаны белгісіз, тек жедел іздестіру барысында ҚР ҚК 231 бабына сай құнды қағаздарды, ақшаны қолдан жасау бойынша іс қозғалған. Жыл басынан бері Алматыда жалған ақша дерегі бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Ұлттық валютадағы 2 және 5 мың теңгелерді қолдан жасау жиі кездеседі. Оның бәрін арнайы аппараттары жоқ шағын дүкендерге өткізеді. Әдетте жалған ақшаға ұрынып қалғандар оны қайта өткізуге тырысады. Ең дұрысы оны құқық қорғау органдарына хабарлау», - деді Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан.