Жол жүру құны 120 теңге болады.
ERNUR.KZ. Алматы мәслихаты жол жүрудің жаңа тарифін мақұлдады, деп жазады sputnik.kz.
Алматы мәслихаты қаланың қоғамдық көлігінде жол жүруге қатысты 120 теңгеге жаңа тарифті мақұлдады.
Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев бағаның өсуін қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарының қымбат болуымен түсіндірді.
"Тасымалдаушылардың нақты шығыны 310 теңгеден асады, кейбір маршрутта 400 теңгеден асады. Осыған байланысты әкімдік әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялайды. Қабылданған шаралар 2024 жылы субсидиялар сомасын 7 млрд теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ, қала тұрғындарын сапалы, қауіпсіз және жайлы қоғамдық көлік қызметімен қамтамасыз етуге оң әсер етеді", - деп сөзін қорытындылады басқарма басшысы.
Экологиялық таза көлікті көбейту үшін 2023 жылы 600 жаңа автобус пен 100 троллейбус сатып алынды. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электробус сатып алу жоспарланып отыр. Бұл шаралар 2024 жылы экологиялық таза көліктің үлесін 70%-ке дейін арттырады.