Оның 86,8%-ы, 8,9 млрд теңгесі игерілген.
ERNUR.KZ. Алматыда коронавируспен күреске бөлінген 12,2 млрд теңгенің 8,9 млрд теңгесі игерілген, деп жазады ҚазАқпарат.
«Коронавируспен күреске 12,2 млрд теңге бөлінді. 1 шілдеде қаржыландыру көлемі 11,4 млрд теңге болды, оның 86,8%-ы, 8,9 млрд теңгесі игерілген», - деді Қоғамдық кеңес отырысында Алматы бойынша ревизиялық комиссия төрағасының орынбасары Әлфия Рақышева.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері ұсынған ақпаратқа сәйкес коронавирусқа қарсы Алматыда жеке қорғаныс құралдары сатылып алынған, аурухана салынған. Сондай-ақ, көлік құралдарын, подьездер мен аулаларды зарарсыздандыру жүргізілген. Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметтерінде жұмыс істейтін, эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыруға қатысқан азаматтарды орналастыруға қаражат жұмсалды.