Кадрларда төбелеске қатысқандардың бірінің беті қан–жоса болғаны анық көрінген.
ERNUR.KZ. Алматыда бір топ адамның қанды төбелесі бейнеге түрсірілді, деп жазады zakon.kz.
Кадрларда төбелеске қатысқандардың бірінің беті қан–жоса болғаны анық көрінген. Асфальтқа да біраз қан шашыраған. Сондай-ақ, шетте тағы да бір топ жігіттер төбелесіп жатыр.
Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, мопед шетелдік көліктің бамперін сызып тастағандықтан жанжал басталды. Жүргізушілер арасындағы ауызша жанжал төбелеске ұласып, оның барысында автокөлік жүргізушісінің басына арматура тиген.
"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларының кешені қабылдануда", – деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.