Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
ERNUR.KZ. ҚР ІІМ Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қамқорлық жасағаны үшін өзінің қарамағындағылардан пара ретінде 24 мың 900 АҚШ долларын алу фактісі бойынша ҚР ІІМ Алматы қаласының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының лауазымды адамдарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин.
Оның айтуынша, сотпен басқарма бастығы, батальон командирі және оның орынбасарлары қамауға алынған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.