Алматыда мектеп директоры ұлын жұмысқа орналастырғаны үшін сотталды

0
493

Оның ұлы лаборант лауазымы бойынша тіркеліп, жалған жұмыс істеген.


Алматыда мектеп директоры ұлын жұмысқа орналастырғаны үшін сотталды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Балқаш ауданындағы мектеп директоры қызметтік жағдайын пайдаланып, бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

2022 жылдың тамызында сотталушы Балқаш ауданы мектебінің бірінде директор қызметін атқарған. Ол ұлын осы мекемеге лаборант лауазымына жұмысқа орналастырғаны. Жалған жұмысқа алу фактісі салдарынан мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 902 мың теңгеге материалдық залал келтірілді.

Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді.

«Сот директорды кінәлі деп таныды және ұрланған мүліктің 10 еселенген мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады, яғни, 9 миллион теңге, сондай-ақ мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында лауазымдарды атқару не белгілі бір кәсіптік не өзге де қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырды», - деп хабарлады аймақтық соттың баспасөз қызметі.

Сотталған адам айыппұлды үкім заңды күшіне енген күннен бастап үш айдан кешіктірмей төлеуге міндетті. Белгіленген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда айыппұл түріндегі жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.