Алматыда оқушылар арасында үздік вайн байқауы жарияланды

0
1 594

Жеңімпаз командаға смартфон табыс етіледі.


Алматыда оқушылар арасында үздік вайн байқауы жарияланды

ERNUR.KZ. Алматыда мектеп-интернаттар мен балалар үйлерінің жоғары сынып оқушылары арасында үздік вайн байқауы жарияланды. Сайыс 4 кезеңнен тұрады. Іріктеу қазан айында басталған. 100-ден астам үміткерден өтініш келіп түскен, деп жазады Almaty.tv.

Соның ішінде 39 қатысушы тапсырманы дұрыс орындаған. Енді оларға танымал онлайн-режиссер және сценарист, театр және кино актері мен треввел-блогер шеберлік сабақтарын өткізеді.

«Бұл байқауға қатысқан себебім – болашақта телевизия саласының атақты маманы болуды армандаймын. Және көптеген вайнерлармен сөйлесіп, олардың ақыл-кеңестерін алғым келеді. Бұл «Аяла» қорының маған берер көмегі ол мені болашаққа үміттендіріп және де маған ол көптеген мүмкіндіктер береді. Және өзімді еркін ұстауға үйренемін», – деді қатысушы Балсұлтан Елікбай.

«Қазір жасыратын несі бар Youtube секілді үлкен платформаларда қазақша контент жоқ. Болса да, жақсы дүниелер жоқ. Бос былайша айтқанда. Жаңағы бос тұрған орынды толтырып, керемет дүниелерді жасауға тырысып жатқан жастардың көбейіп жатқанына мен шын жүректен қуаныштымын. Біз де оған өзіміздің үлесімізді қосамыз», – деді Tjokers вайн командасының мүшесі Жансерік Қадырбаев.

Жарыстың ақтық сыны 25 желтоқсанда өтеді. Үздік вайндар кинотеатрдың үлкен экранында көрсетіледі. Қазылар алқасы 10 номинация бойынша жүлдегерлерді анықтады. Жеңімпаз командаға смартфон табысталады.