Алматыда өзен арнасынан ер адамның денесі табылды

0
204


Алматыда өзен арнасынан ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Алматының Жетісу ауданында өзен арнасынан ер адамның мәйіті табылды, деп жазады kaz.inform.kz.

Судағы ер адамның денесін бүгін таңеретең сол маңнан өтіп бара жатқан адам көріп, полиция шақырған. Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі ақпаратты растады.

«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның кім екені белгілі болды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр», - деді Салтанат Әзірбек.

Осыған дейін Алматыда жас қыз көп қабатты үйдің терезесінен құлап, қайтыс болғаны туралы жазған едік.