Ол "Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру" бойынша айыпты деп танылды.
ERNUR.KZ. Қазақстандағы ең ірі букмекерлік кеңселердің бірі PariMatch бас директоры Володимир Кочерге қатысты сот үкімі шықты, деп жазады Tengrinews.kz.
Үкім Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында айтылды. Судья Кәмшат Саурова бас директорды Қылмыстық кодекстің 307-бабының 1-бөлігі ("Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") бойынша айыпты деп таныды және 500 АЕК айыппұл салу туралы үкім шығарды - бұл 1,2 миллион теңгеден сәл асады.
"Құжатта мүлікті тәркілеу туралы көрсетілмеген. Осыған байланысты мынаны атап өту қажет: қылмыстық қудалау органы сотталушыдан қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүлік бар-жоғын анықтаған, сондықтан сот сотталушының мүлкін тәркілеу түріндегі қосымша жаза тағайындамайды", - делінген сот қаулысында.
PariMatch - штаб-пәтері Кипрде орналасқан және бірнеше елде өкілдіктері бар ірі корпорация. Бұл бизнестің негізін қалаушы - украиналық Володимир Кочерга.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ойын бизнесі мәселелері бойынша түзетулерге қол қойған болатын.