Алматыда пышақ жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылды

0
490

Адам өлтірді деген күдікпен әйел адам ұсталды.


Алматыда пышақ жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Кісі өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды. Қылмыс жасаған әйел марқұмның туысы болып шықты, деп жазады baq.kz.

Кеше Алмалы ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде денесінде пышақ жарақаттары бар ер адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға кешкі сағат 17:00 шамасында болған.

Бұл қылмыс «ізін суытпай» ашылды. Адам өлтірді деген күдікпен «Буран-065» патрульдік полициясының экипажы әйел адамды ұстады. Ол өлтірілген ер адамның туысы екені анықталды. Олардың арасында кикілжің болып, нәтижесінде әйел ер адамның қолына пышақ салғандығы белгілі болды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды. Басқа да мән-жайлар анықталады, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.