Алматыда «Сергек» камераларының саны артады

0
862

Олардың 400-і қиылыстарға, ал 307-сі жол жиегіндегі желі учаскелеріне ілінеді.


Алматыда «Сергек» камераларының саны артады

ERNUR.KZ. Алматыда "Vision Zero Almaty" концепциясы аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары іске асуда, деп жазады zakon.kz.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполисте жыл аяғына дейін "Сергек" фото-видеофиксациясының тағы 707 постысы қосымша орнатылады.

Олардың 400-і қиылыстарға, ал 307-сі жол жиегіндегі желі учаскелеріне ілінеді.

Бұл жүйе жылдамдықтың артуын, қызыл жарықтан өтіп кетуді, тұру-тоқтау желісін ескермеуді және автобус жолағымен жүруді бірден суретке түсіреді.

Бұдан өзге, жаңа технологияны пайдалану қылмыстың ізін суытпай, "жедел ашуға" ықпал етеді.