Алматыда Сиверс алмасын сақтап қалу мақсатында фестиваль өтті

0
1 151

Сиверс алмасы - жоғалып бара жатқан тұқымдастардың бірі .


Алматыда Сиверс алмасын сақтап қалу мақсатында фестиваль өтті

ERNUR.KZ. Алматыда Сиверс деп аталатын алманың түрін сақтап қалу мақсатында кең ауқымда фестиваль өтуде. Шара аясында Іле Алатау Ұлттық табиғи паркінен алма ағаштары әкелініп, егіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сиверс алмасы жоғалып бара жатқан тұқымдастардың бірі болғандықтан, оның түрін сақтап қалу аса маңызды», – дейді ұйымдастырушылар.

Оқушылар сарайының экологиялық-биологиялық бөлімі аумағында өтіп жатқан фестиваль бағдарламасында экскурсиялар, мерекелік концерт, шеберлік класстар және түрлі байқаулар өткізу жоспарланған.

«Таулы аймақтарда, бос жерлерде Сиверс алмасын егуді жоспарлап отырмыз. Осы ретте көптеген жұмыс атқарылайын деп жатыр. Сиверс алмасы Алматы Іле Алатауының бөктерінде ғана өсетіндіктен, оны болашақ ұрпаққа сақтап, көбейтіп, аман-есен жеткізу - басты мақсат болып табылады», – дейді Іле Алатау ұлттық табиғи паркі Ақсай филиалының орман қорғау инженері Марғұлан Әжібеков.