Алматыда судан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

0
702

Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты.


Алматыда судан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды

ERNUR.KZ. Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды, деп жазады sputnik.kz.

"Небәрі үш күнде алматылықтар 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Бұл азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б. Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты", - деп жазылған хабарламада.
Алматы қаласы Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 10-нан астам ірі волонтерлік ұйымы мен 50-ден астам ерікті жұмылдырылды.
Айта кетері, қабылдау пункті аптаның соңына дейін жұмысын жалғастырады.
Гуманитарлық көмекті күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін тапсыруға болады.
Гуманитарлық көмек тізім бойынша қабылданады:
азық-түлік;
ауыз су;
дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдар;
киім (жылы киім, аяқ киім, іш киім, шұлық және т.б.);
қажетті заттар (көрпе, көрпе қап, жастық және т.б.);
тұрмыстық заттар (шатыр, төсеніш, термос, шам, пауэрбанк, шәйнек, балалар ыдысы, емізік және т.б.);
гигиеналық құралдар (жөргек, әйелдер гигиенасы, сабын, тіс пастасы, сусабын, майлық, дәретхана қағазы, жуғыш заттар және т.б.).