Зардап шеккендер бар.
ERNUR.KZ. Алматыда автобус жол апатына ұшырады, зардап шеккендер бар, деп жазады tengrinews.kz.
Әлеуметтік желіде тағы бір автобус апатының салдары түсірілген видео пайда болды. Кадрлардан қоғамдық көлік зақымданғаны және ішінде жолаушылар жоқ екені көрінеді. Автор жол апатының Әшімов пен Шаляпин көшелері қиылысында болғанын айтады.
Алматы полициясы жол апатының сағат 09:15-те Алматының Наурызбай ауданында болғанын хабарлады.
"Жүк көлігінің жүргізушісі Әшімов көшесімен солтүстік бағытта, Шаляпин көшесінің солтүстігінде келе жатып, аялдама кешенінде тоқтаған 137-маршрут автобусына соқтығысқан. Инерция бойынша автобус жол жиегіне шығып, жекеменшік үйдің қоршауына соғылған", - деп хабарлады полиция.
Жол апаты салдарынан тоғыз жолаушы зардап шекті. Жол-көлік оқиғасының басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.