Алматыда тағы да автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: 6 адам зардап шекті

0
565

Оқиға 5 шілдеде Жангелдин мен Түлкібас көшелерінің қиылысында болған.


Алматыда тағы да автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: 6 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Алматыда қоғамдық көлік пен "Тойота" автокөлігі соқтығысты, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 5 шілдеде Жангелдин мен Түлкібас көшелерінің қиылысында болған.

"Тойота" автокөлігінің жүргізушісі Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Түлкібас көшесіне қарай солға бұрылған кезде солтүстік бағытта келе жатқан қоғамдық көлікпен соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан алты адам медициналық көмекке жүгінген", - деді ведомство.

Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті.
Еске сала кетейік, 26 маусымда Алматыда дәл осындай жол апаты болып, бір адам көз жұмған еді.
Кейіннен анықталғандай жол апатынан 25 адам зардап шеккен.