Алматыда тамағына темір істік кіріп кеткен 9 жасар бала ауруханадан шықты

0
648

Балаға 1,5 сағат операция жасалған болатын


Алматыда тамағына темір істік кіріп кеткен 9 жасар бала ауруханадан шықты

ERNUR.KZ. Алматыдағы дәріхана қоршауының темір істігін тамағына кіргізіп алып, ауыр жарақат алған бала 9 тамызда үйге шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Дәрігерлер жасөспірімнің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалаған.

«Тігістер алынып, жаралар жазылды, барлық органның қызметі толығымен қалпына келді. Қазір бала тұрғылықты жері бойынша емханада амбулаторлық бақылауда», - деп хабарлады денсаулық басқармасынан.

Хирургтар баланың тамағынан 10 см темір істікті шығарған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда жас бала велосипед теуіп келе жатып, аурухананың темір қоршауына соққан. Жергілікті әкімдік нысан иесімен қоршаудың көзін жою туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеген.