Жас жігіттер медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
ERNUR.KZ. Алматы облысының Қарасай ауданында, Сәтбаев шыңының маңында 4317 метр биіктікте екі турист құтқарылды, деп жазады baq.kz.
2006 жылы туған екі жас жігіт таңертең тауға шығып, төмен түсу кезінде өздігінен қозғала алмай қалған. Көмекке келген Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары оларға қажетті көмек көрсетіп, таудан аман-есен түсірді.
Жас жігіттер медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Кейін үйлеріне өз бетінше қайтқан.


