Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

0
91

​Оқу-жаттығу кезінде жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысына шектеу қойылмайды.


Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Бүгін, 12 қарашада сағат 08:00-ден 15:00-ге дейін Алматы қаласының Жетісу ауданындағы Бурундай көшесі бойындағы теміржол учаскесінде терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі, деп жазады baq.kz.

Іс-шараның мақсаты – көлік инфрақұрылымы нысандарында терроризм актілерінің алдын алу және жолын кесу тетіктерін жетілдіру.

Оқу-жаттығу кезінде жолаушылар мен жүк пойыздарының қозғалысына шектеу қойылмайды.

Тұрғындардан қауіпсіздік талаптарын сақтап, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындау сұралады. Сондай-ақ жалған ақпарат таратпай, тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырылды.

Еске салайық, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.