Алматыда төбелес кезінде екі адамды пышақтаған күдіктілер ұсталды

0
242

Бейнежазбадан қара киімді жігіттің екі адамды соққыға жығып, кейін пышақ сұққанын көруге болады.


Алматыда төбелес кезінде екі адамды пышақтаған күдіктілер ұсталды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде түнгі уақытта Алматыда болған төбелестің бейнежазбасы тарады, деп жазады inform.kz.

Бейнежазбадан қара киімді жігіттің екі адамды соққыға жығып, кейін пышақ сұққанын көруге болады. Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, оқиғаға қатысы бар күдіктілер тұтқындалды.

- Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Пышақ тәркіленді. Тергеу жалғасуда, - деп хабарлайды департмент баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда төбелес болып, мопедші көлік жүргізушінің басын жарғанын жазған едік.

Сондай-ақ Медеу алдында төбелес болып, онда қарсыласын балтамен ұрған күдіктінің ұсталғанын жазғанбыз.