Жанжал кезінде ер адам пәтерден қашып шығып, соңынан екі әйел жүгіреді.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы қаласы "Атлант-2" тұрғын үй кешенінің тұрғындары тарапынан шағым пайда болды. Айтуларынша, олар тұратын көпқабатты үйде жезөкшелер қызмет етіп, күнделікті шу шығаратын көрінеді, деп жазады stan.kz.
"Балаларымыз бен қарттарымызға қауіп төніп тұр. Күн сайын түнде сутенер пәтерді жалға береді. Үнемі жанжал шығарады. Бұл бізге қауіп төндіреді. Сіздерден шара қолдануларыңызды сұраймыз. Үй тұрғындары үнемі полицияға хабарласады, бірақ полицейлер ештеңе істемейді. Ал бұрынғы басқарушы компания “Alpha Management Services” ЖШС шара қолданбады", – деді тұрғындар.
Желіде тараған кадрда болжамды клиенттердің бірімен болған оқиға көрсетілген. Жанжал кезінде ер адам пәтерден қашып шығып, соңынан екі әйел жүгіреді.
Алматы қалалық полиция департаменті пәтер иесімен сөйлесіп, оны жазалағанын айтты.
"Полицейлер пәтер иесін анықтады, ол 1987 жылы туған азамат болып шықты. Ол Қазазстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 450-бабы "Жезөкшелік пен сутенерлікке үй-жай беру" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілерінің алдын алу бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді", – деп хабарлады Алматы қалалық полициясы басқармасының баспасөз қызметі.