Алматыда тұрғын үй кешені сүріліп жатыр

0
761

Нысан 29 шілдеде Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады.


Алматыда тұрғын үй кешені сүріліп жатыр

ERNUR.KZ. Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылады, деп жазады tengrinews.kz.

Заңсыз салынып жатқан кезекті тұрғын үй кешені – "Graff" ТҮК соттың шешімі бойынша бұзылды. Бұл нысан Ерменсай ш/а, 7, 7 / 71 учаскесінде, яғни үш жер телімінде тиісті рұқсат құжатсыз салынған.

"2023 жылы 20 қаңтарда басқарма тапсырыс берушіге (жеке тұлғаға) қатысты заңбұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, әкімшілік шаралар қабылдады, ал кейінірек Бостандық аудандық сотына бұзуға талап арыз берді", - делінген хабарламада.

Былтыр 24 шілдеде аудандық соттың шешімі бойынша, басқарманың заңсыз құрылысты бұзу туралы талап арызы қанағаттандырылды. 2023 жылдың 19 қазанында апелляциялық сот бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Нысан 29 шілдеде Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен бұзыла бастады.