Алматыда ҰБТ тапсыру басталды

0
571

Биыл Алматыда 11 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады.


Алматыда ҰБТ тапсыру басталды

ERNUR.KZ. Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында ҰБТ басталды. Бір күнде екі лек болады. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылар ұлттық университет ғимаратының алдына сағат 7:30-да жиналды. Әр адам тексеруден өтті: жеке басын сәйкестендіру, санитарлық өңдеу, сондай-ақ тыйым салынған гаджеттердің бар-жоғын визуалды тексеру.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының өкілі Жандос Құмғанбетов биыл Алматыда 11 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсыратынын айтты. Олардың әрқайсысының екі мүмкіндігі бар, бірінші кезең 10 наурыздан 26 сәуірге дейін өтті, ол жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға түсуге мүмкіндік береді. Бүгіннен бастап 6 мамырда грантқа түсуге мүмкіндік беретін ҰБТ басталды. Тестілеу 30 маусымға дейін жалғасады.

«ҰБТ – ны екі лек бойынша өткіземіз, таңертең сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және түстен кейін сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін. Бұл карантин шараларын сақтау мақсатында жасалды, әрбір оқушының өз дербес компьютері бар, ал нәтижесін тест аяқталғаннан кейін бірден білуге болады», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Жандос Құмғанбетов.

Ұлттық тестілеу орталығының өкілі ҰБТ-ның электрондық форматы жаңа заман талабы екенін, оның үстіне ол оқушыларды қатты күйзеліске түсірмейтінін айтты.

ҚазҰУ базасында Ақпараттық қауіпсіздік қатаң сақталған, санитарлық нормалардың сақталуын, сондай-ақ аудиторияға тыйым салынған заттардың әкелінбеуін қадағалайтын қызметкерлер кезекшілік атқарады. Әзірге бұзушылықтар анықталған жоқ.

Карантиндік шаралардың қатаң сақталуын медицина қызметкерлері, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері қадағалайды. Тексерушілер, оның ішінде ювеналды полиция қызметкерлері бүкіл периметр бойынша бөлінді, олар тәртіпті қадағалап, тестілеу пунктіне бөтен адамдарды жібермеді.

Университет аумағына бөтен адамдарға рұқсат етілмейді, бірақ ата-аналарға процесті сырттан бақылауға рұқсат етілді, бірақ бірге келгендер аз болды. Тек қала маңында тұратын түлектердің ата-аналары келді.

Айта кетейік, биыл тестіленушілер Face-ID бойынша сәйкестендіруден өтеді. Оқушылар жеке тұлғалар мемлекеттік базасы арқылы тексеріледі. Тыйым салынған заттарды (смартфондар, шпаргалкалар) анықтау үшін отандық прокторинг жүйесі де қолданылады. Тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда оқушы аудиториядан шығарылады.