Алматыда үш айға арналған жұмыртқаның шекті бағасы белгіленеді

0
926

Бағаны ұстап тұрудың бұл әдісі өзін ақтағанын атап өткен жөн.


Алматыда үш айға арналған жұмыртқаның шекті бағасы белгіленеді

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігі жұмыртқаға рұқсат етілген бөлшек саудадағы шекті бағаның мерзімін 90 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алматы қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының рұқсат етілген бөлшек саудадағы шекті бағаларын бекіту туралы» қаулы жобасы «Ашық» НҚА сайтында орналастырылған.

«Тауық жұмыртқасы» (I санат) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына арналған рұқсат етілген бөлшек саудадағы шекті бағасы күнтізбе бойынша 90 күн мерзімге он талы 487 теңге мөлшерінде бекітілсін», - делінген құжатта.

Құжатта атап көрсетілгендей, жұмыртқаға рұқсат етілген шекті бағаны ұзарту туралы шешім «тауық жұмыртқасының» бекітілген шекті мәнінің (1-категория) 24% -ға асуына, сондай-ақ бағаны төмендету мен тұрақтандырудың оң тәжірибесіне байланысты, яғни жұмыртқа қымбаттап, бағаны 6 теңгеге түсіру кезінде - 491-ден 485 теңгеге (10 данасы) қабылданды.

Бағаны ұстап тұрудың бұл әдісі өзін ақтағанын атап өткен жөн. Мәселен, шекті бағаларды енгізу кезеңінде бағалардың төмендеуі байқалды: қарақұмық жармасы 5,1% (375-тен 356 теңге / кг-ға дейін) және шақпақ қант 2% -ға (256 теңгеден 252 теңге дейін - кг,) - делінген түсініктемеде.

Айта кетсек, сәуірдің басында осы баға 30 күн мерзімге бекітілген болатын.