Қанды қылмыс 8 қазанда сағат 23:00 шамасында Алмалы ауданында болған.
ERNUR.KZ. Алматыда 42 жастағы әйелді өлтірген күдікті анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қанды қылмыс 8 қазанда сағат 23:00 шамасында Алмалы ауданында болған.
«Көптеген пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген 1980 жылы туған А. Есімді әйел 12 қазанға қараған түні медициналық мекемеде қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне «Адам өлтіру» қылмыстық бабы бойынша тіркелді.
«Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдікті анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Тергеу барысы ҚР Ішкі істер министрлігі мен Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.