Алматыда заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі заттары тәркіленді

0
514

104 есірткі қылмысы анықталды.


Алматыда заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі заттары тәркіленді

ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Алматы облысында 104 есірткі қылмысы анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл туралы облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаров брифингте айтып өтті.

«Жыл басынан бері есірткіге қарсы бағыттағы 265 профилактикалық іс-шара өткізілді. 26 мамырдан 26 маусымға дейін созылған есірткіге қарсы айды өткізу кезеңінде ғана «Есірткісіз болашақ» аясында 70 іс-шара өткізілді», – дейді А. Қайсаров.

Жыл басынан бері 104 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 58 қылмыс, атап айтса, 27 дерек есірткі заттарын сату, 23 аса ірі мөлшердегі есірткі заттарының сақтау деректері бар. Сонымен қатар есірткінің синтетикалық түрлерінің заңсыз айналымына байланысты 46 дерек анықталды. Жыл басынан бері облыс аумағында 10 зертхана жойылып, заңсыз айналымнан 13 тоннаға жуық есірткі заттары тәркіленді.

«Бұдан бөлек, біздің қызметкерлер интернет-кеңістікте де жұмыс істейді. Осы жылдың басынан бастап мониторинг нәтижесінде бұғаттау мақсатында есірткі заттарының жарнамасы бар 66 сілтеме «Киберқадағалау» бағдарламасына енгізілді», – деп толықтырды А. Қайсаров.

Айта кету керек, есірткі қылмысына қарсы полицейлер тұрақты түрде заңсыз дайындалған синтетикалық есірткі құралдарды және есірткі өндіру бойынша жасырын зертханаларды анықтап жолын кесуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізіліп жатыр.