Алматыда зейнеткер тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті

0
89

​Марқұм 70 жаста болған.


Алматыда зейнеткер тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті


ERNUR.KZ. Алматы қаласының Бостандық ауданында зейнеткер тұрғын үйдің терезесінен құлаған, деп жазады baq.kz.

Белгілі болғандай, күндіз көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан әйел адам құлап кеткен. Ол алған жарақаттарының салдарынан жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 70 жаста болған және осы тұрғын үй кешенінде тұрған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полицейлер куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, қажетті процессуалдық іс-шараларды жүргізіп жатыр, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.

Қайғылы жағдайға нақты не себеп болғаны тергеу барысында анықталады.

Марқұмның жақындарының айтуынша, бұған дейін оның мінез-құлқынан алаңдатарлық белгілер байқалмаған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері жан-жақты тексеру жүргізуде.