Алматыда «Жаңа Қазақстан» жастар қозғалысы құрылады

0
630

Шара ұйымдастырушылары бұдан кейін де жастарды қолдауға арналған өзге де жұмыс атқару жоспарда бар екенін хабарлады.


Алматыда «Жаңа Қазақстан» жастар қозғалысы құрылады

ERNUR.KZ. 16 наурыз күні Алматы белсенділері мен бірқатар кәсіпкерлері ұлттық баспасөз клубында “Жаңа Қазақстан” жастар қозғалысы құрылғанын мәлімдеді, деп жазады Zakon.kz.

Кәсіпкер әрі меценат Сырымбек тау еліміздің қазір қиын жағдайға тап болғанын, Президент жариялаған жаңа бағытында ел азаматтары тарапынан қолдау қажет екенін айтты.

«Соңғы уақытта айналамыз негативке толып кетті. Студенттеріміз онлайн оқу форматына көшкелі бері, қоғамдық істерге белсенді ат салыса алмай жүр. Сондықтан біз жастарға жақсы көңіл-күй сыйлап, оларға өз тәжірбиемізбен бөліссек деген ниеттеміз. Мақсатымыз партия құрып, саяси мансап бастау емес. Азаматтық әрі ағалық жауапкершілігімізді сезініп, жастарды жақсы істердің басында біріктірмекпіз», – деді осы отырыстың ұйымдастырушысы Сырымбек Тау.

ЖОО-дардың проректорлары жеке кәсіпкерлердің мұндай ниет білдіріп, қоғамға пайдалы іс ұйымдастыруын студенттердің қуана қарсы алқанын хабарлады.

18 наурыз күні сағат 14:00-де Алматы жастарына жақсы серпіліс беру үшін «Алматы аренада» жеке кәсіпкерлердің қолдауымен концерт өтеді. Оған эстрада жұлдыздары шақырылды, - деді кәсіпкерлер.

Шара ұйымдастырушылары бұдан кейін де жастарды қолдауға арналған өзге де жұмыс атқару жоспарда бар екенін хабарлады.

Іс-шараға қоғам белсендісі, меценат Сырымбек Тау, шығармашыл жастар өкілі Оңдасын Кұлымбет, G-38 студенттік қозғалысының негізін қалаушы Айсұлу Ерниязова, спорт шебері Жанқош Тұраров, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Әлия Масалимова, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры Шыңғыс Нұрланов, ҚБТУ проректоры Екатерина Смолякова, ХБК проректоры Қайыржан Меңдіғалиев және өзге де ЖОО-дардың өкілдері қатысты.