Тағы 15-і қатты зақымданған.
ERNUR.KZ. Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығының мәліметінше, мегаполисте жаппай тәртіпсіздік кезінде шерішілер екі жанармай бекетін толығымен өртеп жіберген, деп жазды inbusiness.kz.
"Айта кететіні, 2 нысан толығымен жанып кеткен. Олар: RP – Алатау ауданындағы Рысқұлова-Школьная көшелерінің қиылысында орналасқан, ПетролАзия – Әуезов ауданында Райымбека-Сайын көшелерінің қиылысында орналасқан. Тағы 15 бекет қатты, 57 бекет жартылай зақымданды", – деп жазылған хабарламада.
Желілер бойынша:
- "Синойл" желісінің 22 бөлімі бар. Олардың барлығы жұмыс істейді. 14-і жартылай зақымданған, қызметі қалпына келтірілді, жұмыс істейді;
- "Гелиос" желісінің 47 бөлімі бар, жұмыс істейтін-31, жартылай зақымдалған-9, ауыр – 7 (40 күн ішінде қалпына келтірілмек);
- "ПетролАзия" желісінің 30 бөлімі бар, оның 22-сі жұмыс істеп тұрса, 7-і жартылай зақымданған (2 апта ішінде іске қосылады), 1-і толық жанып кеткен (90 күн ішінде іске қосылады);
- "ГазПромНефть" желісінің 27 бекеті бар, оның 17-сі жұмыс істеп тұр, 8-і жартылай зақымданған (олар 2 апта ішінде іске қосылады), 2 қатты зақымданған (60 күн ішінде іске қосылады);
- "ҚМГ" – 27 бекет, 20-сы жұмыс істеп тұр, 7-і жартылай зақымданған (олар 2 апта ішінде іске қосылады);
- "Royal Petrol" – 34 жанармай құю бекеті бар, жұмыс істеп тұрған 15, ішінара зақымдалғаны 18 (2 апта ішінде іске қосылады), 1-і жанып кеткен (90 күн ішінде іске қосылады);
Алматыда желіден тыс 33 жеке жанармай құю станциялары бар. Олар қатты зақымданбаған.