Бағдаршамдардың жұмыс істемеуіне байланысты көшелерде көлік қозғалысы қиындады.
Фото: Бейнежазбадан
ERNUR.KZ. Алматының 4 ауданында жарық өшіп, негізгі көшелердің барлығында дерлік бағдаршамдар жұмыс істемей қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бүгін сағат 16:20-дағы жағдай бойынша қала көшелерінде 9 балдық кептелістер пайда болды.
Әл-Фараби, Абай, Райымбек даңғылдары, Сейфуллин, Төле би, Желтоқсан, Жандосов, Сәтпаев сынды негізгі көшелердің барлығы картада қызыл не қою қызыл түске боялған.
Сондай-ақ алматылық жүргізушілер үшін қала орталығында бірнеше көшеде көлік қозғалысына шектеу қойылуы жағдайды тіпті қиындатты.
Еске салайық, бүгін Канье Уэст концертіне байланысты Абай даңғылы Мұқанов көшесінен дейін Сейфуллин даңғылына дейін, Сәтбаев көшесі Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылынан дейін, Байтұрсынов көшесі Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін жабылды.


