Ол жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Алматы қаласында жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірім қыз баланы көлік қағып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жол-көлік оқиғасы 24 желтоқсан күні кешкі уақытта Абай даңғылында болды.
Полицияның мәліметінше, Chevrolet маркалы автокөліктің жүргізушісі Алтынсарин көшесімен қозғалып келе жатып, 2008 жылы туған қыз баланы қағып кеткен.
Қыз балаың жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқаны хабарланды. Жарақат алған бойжеткен ауруханаға жеткізілді.


