Екеуі де қолға түсіп, қылмыстық іс қозғалды.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Алматыдағы кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемесінде екі жасөспірім сотталушы қашуға әрекеттенді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқыс оқиғаны ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) растады.
Біреуі бірден ұсталды, екіншісі кейін қолға түсті
Telegram-арналарда тараған ақпаратқа сәйкес, қашуға әрекеттенгендердің бірі дереу ұсталған, ал екіншісі уақытша бой тасалаған. Алайда кейінірек ол да қолға түсті.
Ресми мәлімет
«Кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған мекемеде қашу әрекетінің жолы кесілді. Қашуға әрекеттенген сотталушы жедел түрде ұсталды», – деп хабарлады комитет.
Қызметтік тексеріс және қылмыстық іс қозғалды
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, мекеме қызметкерлерінің әрекетіне қатысты қызметтік тергеу тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.