Алматыда жеке мектеп ашып, қашып кеткен: Албанияда Қазақстан азаматы ұсталды

0
155

Жалпы шығын 10,5 млн теңгені құрады.


Алматыда жеке мектеп ашып, қашып кеткен: Албанияда Қазақстан азаматы ұсталды

фото/ J Pat Carter

ERNUR.KZ. Албания астанасы Тиранада ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталды, деп жазады sputnik.kz.
Ол Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша қамауға алынған.
"2023 жылы ер адам Алматы қаласында жеке мектеп ашып, жоғары оқу орындарына түсу үшін ақылы дайындық курстарын ұсыну арқылы 10 азаматты алдады", - деп жазылған хабарламада.
Жалпы шығын 10,5 млн теңгені құрады.
ІІМ алаяқтар оқыту курстарын жарнамалауда төмен баға, эксклюзивті оқыту әдістері мен үздік оқытушылар құрамын ұсынатынын еске салды.
Алаяқтық курстардың негізгі белгілері:
лицензия мен ресми тіркеудің болмауы;
оқытушылар мен бағдарлама туралы ашық ақпарат жоқ;
келісімшартсыз толық төлемді талап ету;
тәуелсіз платформаларда ұсыным мен пікірлердің болмауы.
Егер алаяқтарға алданып қалған жағдайда дереу полицияға хабарласу керек.