Алматыда жігітті соққыға жыққан оқушы қыздар кешірім сұрады

0
416

Алматыда екі жас қыз жігітті аяусыз ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.


Алматыда жігітті соққыға жыққан оқушы қыздар кешірім сұрады

ERNUR.KZ. Жігітті аяусыз соққыға жыққан алматылық оқушы қыздардың кешірім сұраған видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп жазады inform.kz.

«Марат, өзіңнің және отбасыңның алдында айыптымыз. Біздің адам түршігерлік әрекетімізді кешір», - деп түлектер видеоүндеу жолдаған.

Бұған дейін Алматыда екі жас қыз жігітті аяусыз ұрып-соғып, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктегені туралы жазған едік.

Кейін қалалық полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.