"Телефонымды сендер алдыңдар деп кінәлаған".
фото: inform.kz
ERNUR.KZ. Алматы облысында тауда жоғалып кеткен бүлдіршінннің іздестіріліп жатқанына 4 күн болды. Облыстық полиция баланың қасында болған өзге балалардан жауап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бала жоғалып кеткен соң, қасында тауда болған басқа балалардан сұрадық. Олардың айтуынша, тауға шыққан кезінде оларға белгісіз ер адам келіп, өзінің шопан екенін, телефоны жоғалып кеткенін айтқан. Телефонымды сендер алдыңдар деп кінәлаған. 7 жастағы бала одан қорқып басқа ауыл жаққа қарай қаша жөнелген», - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.