Алматыда жоғалып кеткен 20 жастағы қыздың денесі табылды

0
1 885

Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды.


Алматыда жоғалып кеткен 20 жастағы қыздың денесі табылды

ERNUR.KZ. Алматы полицейлері жоғалып кеткен 20 жастағы қыздың денесін тапты, деп жазады ktk.kz.

25 қаңтарда Алматы облысы Қарасай ауданының 1999 жылғы тұрғыны Валерия Погребняктің жоғалып кеткені жайлы полицияға хабарлама түскен. Тергеу тобы іздестіру ісі аясында қыздың тұрған жерін анықтау үшін жедел іс-шаралар ұйымдастырған.

Құқық қорғау органдарының өкілдері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Валерияның досы ол жоғалып кеткенге дейін онымен бірге болғандығын анықтаған. Жүргізілген шаралар барысында азаматтың жоғалған қызға қатысы бар болып шықты.

Тергеу барысында ол бойжеткенді өлтіргенін мойындап, денесін тығып қойған орынды көрсеткен. Қайғылы оқиға Валерия Погребняк тұратын ауылдың маңында болған. Бұған, болжам бойынша, қызғаныш себеп болған. Күдікті берген жауаптарға қарағанда олар жанжалдасып қалған, артынша ол Валерияны өлтірген.

Қылмысты жасыру үшін қыздың денесін көміп тастаған. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Әуезов аудандық Полиция басқармасындағы іздестіру бойынша тіркелген іс өзгертілді, адам өлтіру бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Б. есімді азаматтың ісі Алматы облыстық Полиция департаменті Қарасай аудандық полиция басқармасына беріледі.