Иллюстрациялық фото ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Алматыда жолаушылары бар автобус жүріп келе жатып өртенді. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады тengrinews.
Пікірлердің арасында, өрт сағат 19.26-да Абай мен Абылай хан даңғылдарының қиылысында болғаны жазылған. Ал видео кадрларында өртеніп жатқан автобустан жолаушылар жүгіріп шығып жатқаны көрінеді.
Алматы әкімдігінің ресми өкілі Тимур Базарбаев оқиғаның мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатқанын хабарлады.
"Кінәлілер жауапкершілікке тартылады", - деді ол.